bkogov.kz Мектептің миссиясы: Экологиялық мәдениті қалыптасқан, өзгерістерге бейім, экологиялық жағдайды зерттеуге қабілетті, азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу.
«Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
bkogov.kz
Мектептің миссиясы: Экологиялық мәдениті қалыптасқан, өзгерістерге бейім, экологиялық жағдайды зерттеуге қабілетті, азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу.
AA+
«Ж.Молдағалиев атындағы №2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімі
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Жұбан Молдағалиевтың туған күні. Осыған орай мектебімізде жыл сайын дәстүрлі түрде орындалатын шаралар, мүсін-ескерткішке гүл шоғын қою рәсімі биыл да ұйымдастырылды.
Халықтың рухани бай, әдеби мұрасынан күш – қуат алған Жұбан қазақ әдебиетіне, қазақ поэзиясына шалқар шабытпен, қаламдас достарының ішінен ерекше өз үнімен оқшау келген дара тұлға. Ұйымдастырылған атаулы шарада мектеп шәкірттері ақынның туған жерге арналған жырларын және өздерінің де арнау өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Сондай-ақ Ж. Молдағалиевтың "Еділ мен Жайық", "Мен қазақпын" әндерінің орындалуы көңілге ерекше серпін берді.
Бүкіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтықпен қорғай білген, алты алаштың ардақтысы ақиық ақынымыздың рухы мәңгі асқақтай берсін!

2/5